Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

ҚР моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 47 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Қазақстанда Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 25 мың жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 47 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп Аймақтық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан22 Қыркүйек , 12:16

 «Бағдарлама бойынша әкімдіктер кем дегенде 1 жоба ұсынуы тиіс. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 950 млрд теңгені құрайтын 47 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол 25 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді», - деп ведомство хабарламасында жазылған.

2013 жылдың 1 қыркүйегінде 47 жобаның 9-ы Степногорск, Хромтау, Жезқазған, Арқалық, Екібастұз қалаларында  эксплуатацияға жіберілді.

Ал 32 жоба құжаттандыру мен қондырғылау дәрежесінде тұр.

 

 

 




Яндекс.Метрика