Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

2013 жылы Маңғыстауда жаңа 7 мектеп ашылды

Биылғы жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысында жаңа 7 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау22 Қыркүйек , 12:00

 «Қыркүйекте 6948 орынды 7 мектеп облыстың аудандары мен қалаларында бой көтерді. 624 орынды жалпы білім беретін орта мектеп Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы Атамекен шағын ауданында,  900 орынды орта мектеп Жаңаөзен қаласы Бостандық шағын ауданы мен Қарақиян ауданы Жетібай ауылында, 80 мектеп Болашақ станциясында бой көтерсе, 960 орынды оқу орындары Мұнайлы ауданының Баянды, Басқұдық,Маңғыстау-5 ауылдарында салынды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін облыс көлемінде тағы да төрт мектеп салу жоспарланып отыр. Атап айтқанда,олар –орта мектеп Маңғыстау-5 ауылында 1200 орынды, 960 орынды мектеп, Түпқараған ауданының батыр Мұнайлы мен Ақшұқыр ауылдарында  75 орынды балабақша кешені мен 300 орынды мектеп-интернаты салынбақ.

 

 




Яндекс.Метрика