Мәдениетті жаңғырту

«Астана Операда» тұсаукесерлер тізбегі «Травиата» операсынан басталады

Хеннинг Брокхауздың қойылымындағы «Айналар травиатасы» операсының тұсаукесері – 22, 23, 24 қазан. Спектакльдің концепциясы «Травиатаны» әдетте көріп жүрген таза мелодрамадай емес, Дж. Вердидің бастапқыда ойластырғанындай етіп қабылдауға жетелейді.
Нұр-Сұлтан22 Қазан , 19:43

Спектакльдің интернационалдық құрамын жасақтайтын атақты опера әншілері сахнаға 22 және 24 қазанда шығады, деп хабарлады МСМ.

«Виолетта– Екатерина Баканова (Ресей), Альфред – Винченцо Костанцо (Италия), Жорж Жермон – Симон Пиаззола (Италия)», - делінген хабарламада.

Тұсаукесердің екінші күнінде, 23 қазанда, «Травиатаны» «Астана Опера» театрының жетекші солисттері шырқайды. Барлық әртістер кастингтен өтіп, білікті әділ қазылар алқасы олардың ең үздігін таңдады.

Осылайша, Виолеттаны Әлфия Кәрімова, Альфредті Медет Шотабаев орындайды, Жорж Жермон – Талғат Мұсабаев. Үш күн бойы дирижерлық тізгінде – шақыртылған дирижер, маэстро Франческо Иван Киампа (Италия).

««Травиата» – Дж. Вердидің ең үздік және әйгілі операсы. Онда тоғысқан әуен әсемдігі мен вокалдық партиялар көрерменге үстемдік етіп, бірнеше сағат бойы оларды өзге әлемге әкетеді», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика