Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Маңғыстау облысында 2013 жылы ҮИИД МБ аясында 3 ауқымды жобаның аяқталуы жоспарлануда

2013 жылы Маңғыстау облысында Үдемелі индустриалды – инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы барысында 85 млрд теңгені құрайтын 3 жобаны тапсыру көзделіп отыр, деп облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау22 Қыркүйек , 11:31

«2013 жылы 85,2 млрд теңгені құрайтын 3 жобаның аяқталуы жоспарланып отыр. Ол 975 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, деп әкімдік хабарламасында жазылған.

Облыс аймағында «Ақтау зауытында жол битумының өндірілуі», «Дәрі жасап шығаратын фармацевтикалық кешенді орталық» және «Шетпе ауылында  цемент зауытының құрылысы» сынды жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.  

Айта кетерлігі, 2014 жылға қарсы 3,6 мың жұмыс орнын ұсынатын 8 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде.

Жалпы, Маңғыстау облысында Индустриализация картасына 280,1 млрд теңгені құрайтын 34 жоба енген, ол 8,8 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде, Индустриализация картасының аймақтық бөліміне 230,9 млрд теңгені құрайтын 32 жоба, ал республикалық бағдарламаның құрамына 49,1 млрд теңгені құрайтын 2 жоба еніп отыр.

2010-2012 жылдар бойынша 23 жоба жүзеге асырылды, ол 1 828 жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Оның ішінде « Жаңа теміржол қатынасы «Түркіменстанмен мемлекеттік байланыс» жобасы да құрамға кіреді.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының экономикалық дамуының шаралық жоспары  мемлекеттік органдар мен Аймақтық дамыту министрлігінің келісімімен бекітілген.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика