Парламент

Д.Назарбаева: Мұнай-газ өндіруші компаниялар мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуі керек

Қазақстандағы мұнай-газ өндіруші компаниялар мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуі керек, деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева.
Нұр-Сұлтан21 Қазан , 17:52

«Өндіретін компаниялар Қазақстанда жылына 2,8 трлн теңгенің тауарын, жұмысы мен қызметін сатып алады», - деді сөз басында Д. Назарбаева.

Мәжілістің вице-спикері атап өткендей, «бүгінде өндіру саласы біз бен сіздің барымыз. Бұл біздің мемлекетіміздің, экономикамыздың тірегі. Ол біздің бюджеттің табыстық саласын, зейнетақы, жалақы, жәрдемақыны ұстап тұрған тіреуіш».

 «Мұнай өндіруші және газ өндіруші компаниялардың экономикаға мол үлес қоса жұмыс істейтін уақыттары жетті. Осы орайда кемінде алдағы 60-70 жылдық әріптестікті қамтамасыз ету керек», - дейді Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, кеңестің ұсыныстарына жергілікті қамтуды дамыту бойынша ұлттық агенттіктің тиімді жұмысы мен қазақстандық қамту көлемі туралы ақпараттық шындығы мәселелері кіреді.

Айта кету керек, отырыста энергетика министрі В.Школьник, шет елдік компаниялар «Тенгизшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» ЖШС «Қытай мұнай-газ ұлттық корпорациясы» өкілдері баяндама оқыды. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика