Экономика

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану мен геологиялық барлау құқығын беру тәртібін жеңілдетеді

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану мен геологиялық барлау құқығын беру тәртібін жеңілдетеді. Бұл туралы бүгін «Инновациялық экономикалық бағыты бойынша »«Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы экономикалық саясат кеңесінің бірлескен отырысында энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан21 Қазан , 16:29

«Жер қойнауы туралы кодекстің жаңа тұжырымдамасы дайындалуда. Ол саланы дамыту қарқынын сақтау жолында геологиялық барлауға қажетті инвестиция ағымын қамтамасыз етпек. Аталмыш құжат, біздің ойымызша, жер қойнауын пайдалану мен геологиялық барлау құқығын беру тәртібін түбегейлі қысқартып, мұнай мен газдың жаңа кен орындарын барлауда халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді қамтамасыз етуі тиіс», - дейді Школьник.

Оның айтуынша, «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланушылар туралы» Заңның қабылдануымен қазақстандық қамтудың мониторингін дамытуға арналған бірыңғай құқықтық алаң құрылды.

«Нәтижесінде, 4 жыл ішінде жергілікті қамтудың тұрақты өсімі байқалып, 2010-2013 жылдары аралығында мұнай-газ саласында тауар, жұмыс пен қызмет сатып алудың жалпы көлемі 80%-ға артып, 1,5 трлн теңгеден 2,7 трлн теңгеге жетті. Ал жергілікті қамту 135 пайыз артып, 680 млрд теңгеден 1,6 трлн теңгеге жетті», - дейді.

Сонымен қатар, министрлік жұмыстарының басым бағыттарының бірі ретінде құны жоғары сұранысқа ие тауарларды шығару мен жоғары технологиялық қызметтерді игеруді ынталандыру болып қала бермек.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика