Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Көкшетауда Абылайханның 300 жылдығына орай спектакль қойды

Көкшетау қаласында Абылайханның 300 жылдығын тойлау барысында «Хан Абылай» спектаклі қойылды. Аталмыш қойылым республикалық театр фестивалінде тамашаланады , ол қыркүйектің 23-нен 29-ы аралығында Ақтөбе қаласында өтеді.
Ақмола22 Қыркүйек , 10:54

 «Хан Абылай» Иран Ғайылдың «Жабек-Шаған» пьесасы бойынша сахналанды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халық әртісі  Ерғали Оразымбетовтың жаңа театр маусымын ашуы. Бұл оның екінші премьерасы, біріншісі ағымдағы жылдың маусым айында өткен болатын.

Басты рөлдерді сомдағандар: Хан Абылай – Жарас Қалдаров, Қалдан-Серен – Төлеубек Қонбай, Жапек батыр – Зүлкәпіл Бәтихан, Қазыбек би – Елтай Мұстанов, Ақкербез – Айна Жүнісова, Шаған –Ризат Қылышбаева.

Аталмыш қойылым XVIII ғасырда болған тарихи желісті баяндайды, яғни Жоңғария мемлекетінің соңғы күндері, Абылайдың жастық шағы мен тұлға ретінде қалыптасуы сомдалды.

Әртістердің жұмысын Төлеген Қажыбаев, Ш. Құсайынова сынды ақын, жазушылар жоғары бағалады. Олар бұл елеулі оқиғаны Көкшетау мәдениетінде орын алған жұлдызды сәт екенін атап өтті.

  




Яндекс.Метрика