Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақ тілі кешін өткізді

Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында, 2013 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту, оны қолдау және дамыту мақсатымен қазақ тілі кешін өткізді,деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы21 Қыркүйек , 20:12

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов кешті аша отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген сөздерінің терең маңызына тоқтала келіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – барша қазақстандықтардың басты борышы екендігін атап көрсетті.

Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Асқар Мусинов өз сөзінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай республикамыздың барлық өңірлерінде тіл фестивальдары, тіл айлығы, тіл апталықтары, мәдени-әдеби кештер, байқаулар, кездесулер, олимпиадалар, шығармашылық сайыстар өткізілгенін, бұл кештің де осы тіл мерекесі аясына кіретін маңызды іс-шараның бірі екендігіне тоқталды. «Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тіліміздің халықаралық қызметтегі рөлін арттыру міндеті алға қойылды. Бұл мақсат Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді», - деді ол.

Қазақ тілі кешінде дипломаттар: «Мақал – сөздің мәйегі», «Білімді мыңды жығар», «Өнерлі өрге жүзер» номинациялары бойынша тіл, білім, өнер сайысына түсті. Сондай-ақ осы кешке арнайы шақырылған шет елдіктер - дипломатиялық корпустың бірқатар өкілдері қазақ тілін үйреніп жүгендіктері туралы айтып, өз елдері туралы қазақша әңгімелеп берді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика