Адами капитал

Ақтөбеде жыл басынан бері 298 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты – әкімдік

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 298 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жолықты, олардың барлығы әр түрлі әлеуметтік қолдау түрлерімен қамтамасыз етілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбе21 Қазан , 18:35

«Жыл басынан бері  жұмыспен қамту органдарына 298 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жолықты, олардың барлығы әр түрлі әлеуметтік қолдау түрлерімен қамтамасыз етілді. Олардың ішінен 48 адам -қоғамдық жұмысқа, 8 адам - Жастар тәжірибесіне, 24 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. 3% квотамен 209 адам жұмысқа орналастырылды. Қалғандарын жұмысқа орналастыру бөлімнің бақылауында», - делінген хабарламада.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру мақсатында, жыл басынан 42 мекеменің қатысуымен 4 арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеге 307 адам, соның ішінде 123 әйелдер қатысты.

Жәрмеңке қортындысы бойынша 15 мүгедек жұмысқа орналасты, 27 адам қоғамдық жұмысқа, 11 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 4 адам Жастар тәжірибесіне жіберілді. 215 адамға жұмысқа орналасу сұрағы бойынша кеңестер берілді. Бүгінгі күні 21 мекемеден 100-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды, сонымен қатар жеке жұмыспен қамту агенттіктері шақырылды.

 




Яндекс.Метрика