Парламент

Сенатта мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері туралы заң жобаcы қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаcы бірінші оқылымда қаралды.
Нұр-Сұлтан21 Қазан , 14:47

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге таратылған Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, ал экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды – Қаржы министрлігіне беруді көздейтін түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданған заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 




Яндекс.Метрика