ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қызылордада сот қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді білу дәрежесін тексеретін конкурс болып өтті

Қызылорда қаласында облыстың сот қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білу дәрежесін тексеретін конкурс болып өтті.
Қызылорда21 Қыркүйек , 14:43

Облыстың 14 соты бір қатысушыдан ұсынды. Бірінші турда қатысушы өз тұлғасын  қазақ тілінде таныстырып өтуі керек. Оның ішінде өлең, әнмен таныстыру жоғары бағаланды.

Ал екінші айналымда майталмандар тұрақты сөз тіркестерімен, мақал-мәтелдер арқылы қазақ тілінің грамматикасын қаншалықты білетіндігін көрсетті.

Оған қоса, арнайы турда заң терминдері қазақшаланды. Ал үй тапсырмасы бойынша бақ сынасушылар заң және тіл туралы буклет, альбом әзірледі.

Әділқазылар алқасының құрамына төрешілер мен облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары кірді. Олар жеңімпаздарды мақтау қағаздары мен әр түрлі құнды сыйлықтармен мараппатады.

Бірінші орынды арнайы ауданаралық соттың кәмелетке толмағандардың ісі бойынша хатшысы Ахметова иеленді. Ал екінші орынды Сырдария аудандық сотының жетекші маманы Әкімжанова алса, үшінші орынды қылмыстық іс жөнінен арнайы ауданаралық соттың маманы Атамбаев қанағат тұтты.

 

 




Яндекс.Метрика