Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Батыс Қазақстан облысында амбулатория ашылды

БҚО Ақжайық ауданы, Ақжол ауылдық округының тұрғындары жаңа амбулаторияда бірінші медициналық көмекті ала алады, деп әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан21 Қыркүйек , 09:37

Медицина мекемесі жаңа заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бұл жерде дефибриллятор, стамотологиялық және лабороториялық қондырғылар, ультракүлгін құрылғылар бар.

«Елбасының салиқалы саясатының арқасында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жаңа нысандар салынып жатыр. Олардың барлығы өмір сүру сапасын жоғарлатуға бағытталған. Бұл жаңа әлеуметтік саясаттың, яғни «Қазақстан-2050» бағдарлама жүзеге асуының айғағы. Аймақтарыңызда жаңа амбулаторияның ашылуымен құттықтаймын», - деді Ресми ашылу рәсімінде Парламент Мәжілісінің депутаты Айткүл Самакова.

 

 




Яндекс.Метрика