Жастарға үндеу

ҚР Жастар бастамасының қоры әрекетін тұрақты жобалар арқылы нақтылайды – Саясат Нұрбек

Кеше, 20 қыркүйек күні Астанада Жастар бастамасы қорының тұсаукесері болып өтті. Кеңес мүшелері өздерінің қарым-қатынастарын тұрақты жобалар арқылы нақтылайтынын атап өтті.
Астана қаласы21 Қыркүйек , 13:10

 «Кеңеске өзіндік қарым-қатынас жүйесі қажет, олар белгілі жобалар арқылы істерін нақтылайтын болады. Біз мына жерде –жоба десек, екінші жерде-шешімін нақтылауымыз қажет», - деп «Нұр Отан» Қоғамдық саяси институтының директоры Саясат Нұрбек айтты. 

Саясат Нұрбек мәлімдегендей, Жастар бастамасының қоры жастар саясатының негізгі дамуына үлес қосатын маңызды бастама.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жастар жобаларының қаржыландыру негізін  білім министрлігінің  әлеуметтік тапсырмасы мен мемлекеттік, атқарушы органдар мен  демеушілер қамтамасыз етуде.

Жастар жобасының дамуы негізгі 3 бағыт бойынша қарастырылады. Бөлінген қаржы көздерінің  қадағалануы мен жұмсалуы, ішкі саяси баланыс пен нақты жүйенің қалыптасуы бойынша әрекеттер жасалынады.

Сонымен қатар, Кеңес консультациялы және қоғамдық органның аясында жүзеге асады. Ресурстық басқарма орталықтарының салалық талқылануы мен жұмыспен қамту мәселесі жастар жобасының тарапынан жүзеге асады.

 

 

 




Яндекс.Метрика