Жастарға үндеу

2013 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР кинотеатрларында әлеуметтік бейнебаяндар көрсетілетін болады

Астанада Жастар бастамасы қорының тұсаукесерінде ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесі KINOPARK жүйесімен ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап әлеуметтік бейнебаяндарды көрсету турасында меморандумға отырды
Казахстан21 Қыркүйек , 11:01

 «Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап KINOPARK жүйесінің кинотеатрларында әлеуметтік бейнебаяндар көрсетілетін болады» , - деп Жастар саясаты кеңесінің баспасөз қызметінің хабарламасында жазылған.

Хабарламада атап өтілгендей, меморандум бойынша мемлекеттің дамуына үлес қосатын әлеуметтік кәсіп жүйесін дамыту мен мемлекетік жастар саясатын жетілдіру үшін барлық бағыттар жүзеге асырылады.

«Меморандумға қол қойылу үлкен мәнге ие,себебі, өздеріңіз кинотеатрларға қанша көрермен келетінін  білесіздер. Бұл жастардың санасына сабақта берген дәріске қарағанда, жылдам әсер етеді деп ойлаймын.Бұл жеңіл, әрі түсінікті», - деді ҚР жастар саясаты кеңесінің төрағасы Ғабидулла Абдрахимов.

Айта кетерлігі, KINOPARK көрермендеріне ең бірінші «Қазақстан - біз сенің  балаңбыз!» бейнебаяны көрсетіледі.

 «Біздің негізгі көрермендеріміз жастар болғандықтан олардың дұрыс, оң бағытта тәрбиеленуі біз үшін өте маңызды. Сондықтан, кино мәдениетін оның ішінде жастардың өзін – өзі ұстау мәдениетін жоғарлату үшін аталмыш  ұсынысты қолдап отырмыз», - деп  KINOPARK кинотеатрлар жүйесінің директоры Абдірашид Рахметов мәлімдеді.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика