Инфрақұрылымның дамуы

Степногорск қаласында моноқалаларды дамыту бағдарламасына 3655,5 млн теңге бөлінді – әкімдік

2014 жылы Степногорск қаласында 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 3655,5 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола20 Қазан , 11:42

Хабарламада айтылғандай, бағдарламаның бірінші бағыты аясында сирекметаллды өнеркәсіптік кластер құру мен Степногорск қаласында индустриялды аймақ ұйымдастыру мәселесі қолға алынуда. «Облыс әкімдігі индустриялды аймағын құру тұжырымдамасы дайындап, бизнес жоспар ТЭН жасауда. 125 гектар жер де бөлініп қойылған.

«Екінші бағыт – экономиканы әртараптандыру мен Степногорск халқын жұмыспен қамтудың тиімді құрылымдарын қамтамасыз етуге арналған шағын және орта бизнесті дамыту», - делінген хабарламада.

Екінші бағдарлама экономиканы әртараптандыру аясында қалада екі зәкірлі жоба бойынша жұмыстар жасалуда. Атап айтар болсақ, ол«SARECO» ЖШС-дегі «Сирек металлдардың ұжымдық концентраттары өндірісін ұйымдастыру». Осы арқылы 200 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда құрылғыларды кешенді сынау жүргізіліп, қондырғылардың бір бөлігі жөнделді. 2013 жылғы өндіріс көлемі 50,6 тоннаны құраса, 2014 жылы 133 млн теңгенің 26,6 тоннасы өндірілді.

Жоба Ақмола облысы өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген.

Сонымен қатар, 2017 жылға дейінгі қаланы дамытудың кешенді жоспарын оңтайландыру аясында «зәкірлі» жобалар құрамына 45 млн долларлық және 83 млн долларлық жаңа екі жоба енгізілу жоспардануда. Осылар арқылы 170 және 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде.

Өңір үшін жоғарыда аталған жобалардың маңызы мен қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін индустриялды аймақ құру жұмыстары басталды.




Яндекс.Метрика