Жастарға үндеу

Астанада Жастар бастамасы қорының тұсаукесері болып өтті

Кеше, 20 қыркүйек күні ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты кеңесі Жастар бастамасы қорының тұсаукесерін өткізді.
Казахстан21 Қыркүйек , 10:50

«Өткен жылы ҚР жастар саясаты мәселесі жөніндегі кеңес  дайындаған ұсыныстар Елбасының қолдауын тауып «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде жарияланған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар бастамасының қоры құрылған болатын. Біз бүгін аталмыш қордың ашылуын мәлімдейміз», - деді ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты мәселісі кеңесінің төрағасы Ғабидулла Абдрахимов мәлімдеді.

Жастар саясаты кеңесінің төрағасы атап өткендей, Қордың негізгі мақсаты жастар саясатын жүзеге асыру аясында ұлттық ресурстар операторы болу.

 «Белгіленген тапсырмаларға қол жеткізу үшін біз кәсіптің, азаматтық институт қоғамы мен мемлекеттік органдардың қызметтерін біріктіреміз. Біріншіден, ол азаматтардың  өмір сүру дәрежесін арттыратын  әлеуметтік маңызы бар нысандарды қолдау. Олар: спорт, білім беру, мәдениет, ғылым, инновация салалары бойынша жүзеге асырылады» - деді Кеңес төрағасы.

Оның айтуынша, екінші бағытта халықаралық ынтымақтастық  жүйесін жүзеге асыру көзделіп отыр. Үшіншіден, мамандардың біліктіліктерін арттыру.

Сонымен қатар, Г. Абдрахимов тұсаукесерде Астанада жаңа Жастар сарайының құрылысы басталғандығын айтты. «Сарай Қордың штаб-пәтері болады деп жоспарлануда. Меніңше, жастар саясаты үшін бұл үрдіс үлкен тәжірибе береді», - деді Кеңес басшысы.

Айта кетейік, Қордың мақсаты жастар инициативасын қолдау.




Яндекс.Метрика