Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Өскеменде оқушылар арасында жеңіл атлетикадан чемпионат өтеді

Өскеменде 7-8 сынып оқуышылары мен жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан өтетін чемпионатқа дайындық жүруде.
Шығыс Қазақстан21 Қыркүйек , 10:10

Шараның мақсаты – жалпы білім беретін мекемелерді дәстүрлі түрде дене шынықтырумен айналысуға шақыру.

Сонымен қатар, жеңіл атлетиканың қалада спорт түрі ретінде қалыптасуы мен жасөспірімдер арасында зиянды заттарға еліктеу мен жеткіншектер арасында құқықбұзушылықты жою жұмысы  жүргізілуде.  

Шараның өту барысын мектепаралық орталық қадағалап отыр. Демек, іс-шараның өтуі коллегияның әділқазылығымен өтеді. Спорттық шараға 7-8 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысады. Шара жалпы білім беру мекемелерінің топтары бойынша өтеді.

Қыздарға қойылған бағдарлама бойынша – 60 метр, 500 метрге жүгіру, ұзындыққа  секіру, эстафета шарттары бойынша жүзеге асырылды. Ал жасөспірімдерге 60 метр, 500 метрге жүгіру, доп лақтыру мен эстафета кірді.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика