Өңірлер

Түркістанда ҚР Ұлттық инженер академиясының көшпелі мәжілісі өтуде

ОҚО-ның Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында ҚР Ұлттық Инженер академиясы Президиумының кеңейтілген көшпелі мәжілісі өтуде. Академия көшпелі отырысы өз жұмысына «Ғылымды, инновацияны, өндірісті интеграциялау - елдің тұрақты дамуының басты ресурстары» тақырыбын арқау етіп отыр.
Оңтүстік Қазақстан17 Қазан , 15:47

Көшпелі мәжіліске еліміздің белгілі ғалымдары мен өңірдің кәсіпкерлері қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында: «Атакент» көрме кешенінің бас директоры, ҚР ҰИА мүшесі, академик Х.А.Абдуллаев, «Казсельэнергопроект институты» ЖШС-нің бас директоры А.С.Трофимов, «Экоэнергомаш» ЖШС-нің бас директоры А.В.Болотов, «Электроаппарат» ЖШС зауытының бас директоры А.С.Суворов мырзалар жарыссөзге шығады. Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры У.С.Мырхалыков, «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов, ТарТУ ректоры С.С.Жүнісбеков, ОҚМ ПИ ректоры О.А.Аяшев мырзалар және қонақтар бар.

Кездесу барысында болашақта ғалымдар мен ҚР ҰИА-мен бірлескен жобалары туралы да қаралады. Күн тәртібінің әтүрлі мәселелерінде Оңтүстік Қазақстан облысының белгілі ғалымдары мен инженерлерін марапаттау рәсіміне кезек беріледі.

Сондай-ақ, одан әрі алда өткізілетін «Болашақтың энергетикасы: инновациялық жобалар және оны жүзеге асыру әдістемелері»  атты Бүкілдүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі туралы ақпараттар берілетін болады.Сондай-ақ инженерия саласының мамандары қуат көздерін тұтынудың жаңа үлгілерін өндіріске енгізу жолдары турасында пікір алмасатын болады.    




Яндекс.Метрика