Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Индустриализация картасы нысандарында ағымдағы жылдың қаңтар – шілде айлары бойынша 615,7 млрд теңгені құрайтын өнім өндірілген - ИЖТМ

Индустриализация картасы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар- шілде айларында эксплуатацияға жіберілген нысандарда 615,7 млрд теңгені құрайтын өнім өндірілді, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инвестиция Комитеті төрағасының орынбасары Сергей Карплюк Үкіметте өткен ҮИИД МБ-ның селекторлық отырысында айтты.
Казахстан21 Қыркүйек , 09:45

 «2013 жылдың 7 айы бойынша 615,7 млрд теңгені құрайтын өнім өндірілген», - деді С. Карплюк.

2012 жылмен салыстырғанда өндіріс картасының үлесі 5,6%-ден   6%-ға дейін өссе, құрылымдық өндіріс 7,6%-дан  9, 4%-ға дейін көтерілді.

«Ағымдағы жылдың жартыжылдығы бойынша, 34 жоба жүйеге енді, олар 71 млрд теңгені құрап, 2,3 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Жыл соңына дейін біз 484 млрд теңгені құрайтын 12 мың тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ететін 112 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.Оның ішінде 6 жоба республика картасына еніп отыр, бұл ауқымды жобалар», - деді Комитет төрағасының орынбасары С. Карплюк

С. Карплюктің айтуынша, жалпы 2010 жылдан бастап Индустриализация картасы бойынша эксплуатацияға 563 жоба енгізіліп, олар 2,1 трлн теңгені құрайтын өнім өндірген.

Индустрия минитстрлігінің өкілі мәлімдегендей, индустриализация мемлекеттік бағдарламасына енген инвестициялардың 90 % - жеке инвестициялар.

Индустрия және жаңа технология министрлігінің ақпараты бойынша  Индустриализация картасының жүзеге асырылуының жетекші аймақтар: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Манғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары.
 

 




Яндекс.Метрика