Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Нұр Отанның» қоғамдық кеңесінің отырысында Маңғыстау облысындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды

Астанада «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен партия жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңесінің (ЖІРҚК) кезекті отырысы өтуде. Онда Маңғыстау облысы аумағындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі қарастырылды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан17 Қазан , 14:48

«Отырыста облыс басшылығының 2013 жылғы және 2014 жылдың 8 айындағы жемқорлықпен күрес ахуалы туралы есебі тыңдалды.«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысындағы филиалында партияішілік қарым-қатынас кеңінен қамтамасыз етіліп, жемқорлыққа қарсы жұмыста мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық жолға қойылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сегіз қоғамдық кеңес, осыншама партиялық бақылау комиссиясы жұмыс істейді, коррупциялық құқық бұзушылықтарды хабарлау бойынша тұрғындармен байланыс нығаю үстінде. Мұнда қоғамдық қабылдаулардың орыны зор», - делінген хабарламада.

Айталық, 2014 жылдың 8 айында партияның қалалық және өңірлік филиалдарының қоғамдық қабылдауларына 3130 өтінім келіп түсті. Олардың басым бөлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер телімдерін бөлу, денсаулық сақтау, жалақы мен зейнетақы төлеуге байланысты болды.

Облыс аумағында ҚР Парламенті Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, атап айтқанда, құқық қорғау органдарының басшылары азаматтарды қабылдауда. Мысалы, 2 жылдың ішінде депутаттардың қабылдауында 250 адам болды.

 




Яндекс.Метрика