Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан әлемнің 20 тұрақты елінің қатарына енді

KPMG өзгерістерге тұрақты мемлекеттер тізімін жариялады. Тізімді Сингапур ашып, Ауғанстан қорытындылап отыр. Бұл орайда Қазақстан АҚШ, Ұлыбритания және өзге дамыған елдер сияқты құрамға кіріп, 20 орынды иемденді, деп хабарлады Forbes.kz.
Казахстан20 Қыркүйек , 19:11

KPMG бұл сараптау жұмысын екінші рет ұйымдастырып отыр. Өткен жылы Қазақстан 30 мемлекеттің ішінен жоғары деңгейде  болса, ағымдағы жылы 90 мемлекет тізімге кірген.

Тұрақтылықтың жаңа индексі Oxford Economics-пен ынтымақтасып құрастырылды. Мемлекеттердің тұрақтылығы табиғи құбылыстар мен технологиялардың ауқымды өзгеріске ұшырауында өзгермейтіндігі орайында сарапталынды.

Елдердің 26 шұғыл жағдайлар мен өзгерістерге дайын болуы, оның ішінде мемлекеттік институттар мен бизнес-ортаның дамуы, әлеуметтік потенциал мен адамзаттық капиталдың өзгеруіне бейімделуі ескерілді. Аталмыш талаптар әр түрлі елдің 500 сарапшысының пікірлері мен Әлемдік экономикалық форум, Әлемдік Банк, Economist Intelligence Unit, ЮНЕСКО-ның әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының 70-тен аса ұсыныс-пікірлерін қарастыру арқылы жасалды.

Қазақстан бюджеті, фискалды, сауда саясаты, экономикалық инфрақұрылым саласы бойынша  жақсы көрсеткіштерге ие.

Сонымен қатар, Қазақстан ТМД елдерінің ішінен тізімге енген бірегей мемлекет, мәселен, Ресейге тізімнің 62-ші орыны бұйырды.

«Халықтың байлығы мен табысы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа әсер етпейді, - деп  KPMG International басшысы Тимоти Стайлс мәлімдеді. – Бұл табысы төмен бірақ, мықты институттары мен басқармалары бар мемлекеттерге хабарлама,олар құлдырау кезінде тұрақтылықа ие бола алады»

 Анықтама:

Өзгеріске бейім индексі 90 мемлекетті (өткен жылы тек 30 ел болған) қамтып отыр. Жаңа мемлекеттер тізімге KPMG мен Оксфордтың жеткілікті ақпаратттары бойынша қосылды.

KPMG - фирмалардың ауқымды жүйесі, ол консультациялық және салықтық қызметтерді ұсынады.

Oxford Economics ауқымды жоспарлау мен сараптамалы көрсеткіш бойынша әлемдік жетекші болып табылады. Мекеменің штаб-пәтері Англияның Оксфордында орналасқан.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика