Ұлттың денсаулығы

Алматыда мүгедектердің құқықтары туралы конференция өтуде

Бүгін Алматыдағы «Алатау» емдік-сауықтыру кешенінде «БҰҰ «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясының ережелерін алға жылжыту, мониторинг жасау және енгізу, ТМД, посткеңестік елдер және Евро Одақ мемлекеттеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарды еңбекпен қамту және оңалту» тақырыбында конференция өтуде, ол жиын 19 қазанға дейін жалғаспақ.
Алматы қаласы17 Қазан , 10:17

«Конференцияға Қазақстандағы Еуропалық одақ және Германия Федеративті Республикасының консулдығының, сондай-ақ Германия, Молдова, Белоруссия, Грузия, Тәджікістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Украина, Әзербайжан, Ресей мемлекеттері өкілдері қатысады», - делінген хабарламада.

Министрлікте хабарлағандай, аталмыш іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова қатысты.Іс-шара барысында бірқатар жұмыс кеңестері, қызу пікірталастар өткізіліп, баяндамалар оқылып, сондай-ақ, конференция қатысушылары мен мамандар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мәселелері мен оларды қазіргі заманғы қоғамға интеграциялау жолдары жөнінде өзара тәжірибе алмасады деп жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика