Инвестициялар

Алматыдағы инвестициялық форумға 400-ден астам адам қатысады

Ертең Алматыда «AlmatyInvest 2014» II халықарылық инвестициялық форум басталады, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Алматы қаласы16 Қазан , 17:51

Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Француз Республикасының экс-премьер-министрі Франсуа Фийон, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев, Көлік және даму институты (IDTP) директорлар кеңесінің президенті Энрике Пеньялоса, атақты халықаралық инвестор, «Rogers Holdings» инвестициялық компаниясының басшысы Джим Роджерс, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің вице-президенті Ганс-Петер Ланкес  пен өзге де лауазымды тұлғалар қатыспақ.

«Форум қатысушылары адамзат өміріне жаңаша сипат беретін айтарлықтай өзгерістерді талқылайды. Заманауи технологиялардың дамуымен көлік және тасымал саласының әлеуеті артып келеді. Пікірталас барысында технологиялық прогресс жағдайларындағы инновациялық инфрақұрылымдық шешімдер қарастырылады деп күтілуде. Сонымен қатар,  Инвестициялық форум қатысушылары ұлттық инновациялық жүйе, туризм мен «жасыл» экономикаға өту негіздерін дамыту мәселелерін талқылайды», - делінген хабарламада.

Форум аясында Алматы әкімдігі мен қаржы институттары арасында меморандумға қол қою жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші Алматы Инвестициялық Форумы 2013 жылдың желтоқсан айында өткен еді. Оған үкімет мүшелері, халықаралық қаржы институттары сарапшылары, атақты экономистер мен осы сала ұйымдарының мамандары қатысқан. Бірінші инвестициялық форум қатысушыларына Алматының Инновациялық Технологиялар паркі ЕЭА мен Алатау ауданындағы Индустриялды аймақ және туристік саланың даму бағыттары таныстырылды.




Яндекс.Метрика