Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан БЭФБ рейтингісінде «Инновация» факторы бойынша 19 сатыға көтерілді

««Инновация» факторы бойынша да Қазақстанның позициясы жақсара түскен. Аталған рейтингте Қазақстан 19 позицияға көтеріліп, 84 орынды иеленіп отыр. Ал «Инновациялық әлеует» факторы бойынша Қазақстан 18 позицияға жоғарылап, 74 орынды иеленген», - деп «Техникалық даму бойынша Ұлттық агенттіктің» баспасөз қызметі.
Әлемде20 Қыркүйек , 15:22

2013-2014 жылдарға жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебінің мәліметі бойынша, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 1 қадамға өз позициясын нығайта түсіп, әлемнің 148 мемлекеті ішінде 50 үздік елдер қатарына кірді. Сонымен қатар, Қазақстан ТМД елдері ішінде Әзірбайжан мемлекетінен (39 орын) кейінгі екінші нәтиже көрсетті.

««Инновация» факторы бойынша да Қазақстанның позициясы жақсара түскен. Аталған рейтингте Қазақстан 19 позицияға көтеріліп, 84 орынды иеленіп отыр. Ал «Инновациялық әлеует» факторы бойынша Қазақстан 18 позицияға  жоғарылап,  74 орынды иеленген» - деп жазылған хабарламада.

«Компаниялардың зерттеулер мен талдамаларға шығындары» субфакторлары бойынша Қазақстан 17 позицияға көтеріліп, 77 орынды, «Университеттер мен бизнестің ынтымақтасуы» бойынша 11 позицияға көтеріліп, 79 орынды, «Жоғарытехнологиялық өнімдерге мемлекеттік сатып алу» бойынша 13 позияицияға көтеріліп, 58 орынды иеленген.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика