Қазақстан мен Ресей жерді қашықтықтан зонттау тәсілдерін жасақтау мәселесін талқылады

Санкт-Петербургте өткен келелі кеңесте Қазақстан мен Ресейдің сала мамандары жерді қашықтықтан зонттау технологиясы мен әдістерін жасақтау мәселесін қарастырды, деп хабарлады геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
Әлемде29 Қазан , 13:03

«Алқа мәжілісі А. П. Карпинск атындағы Бүкілресейлік Ғылыми-Зерттеу Геологиялық институты (ВСЕГЕИ) басшылығымен өтті, жұмыс тобын ҚР ИДМ геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев басқарды», - делінген хабарламада.

Кеңесте барлау, мониторинг және ТМД елдері аумағындағы жер қойнауын қорғау тәсілдерін жетілдіру мақсатында Жерді қашықтықтан зонттау технологиясы мен әдістерін жасақтау мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ, «1:2 50000 масштабтағы ТМД елдерінің гидрогеологиялық картасын жасақтау» бойынша жұмыстар жандана түседі және One Geology халықаралық жобасына  1:200 000 масштабта шығарылған геологиялық карталар кешенін енгізужолдары да талқыланды.

Айта кетерлік жайт, жұмыс тобы ВСЕГЕИ-дің зертханалық-сараптамалық қызметінің жұмысымен танысып қайтты. Жалпы, ол 1898 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ал, 2000 жылы қызметті жаңарту және қайта технологиялық қарулану жұмыстары жүргізілді.

Бұдан басқа, қазақстандық делегация Ф. Н. Чернышев атындағы академияның ғылыми-зерттеу геологиялықбарлау мұражайында Ресей мен ТМД елдерінің геологиялық даму тарихымен кеңінен танысты.




Яндекс.Метрика