Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

2015 жылға қарсы Қызылорда облысы қазасқтандық уранның 2/3 үлесін құрайды

2015 жылға қарсы Қызылорда облысы ең жоғары көрсеткішті көрсетіп қазақстандық урнанның 2/3 бөлігін ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл жайында бүгін ОКҚ баспасөз отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
Қызылорда20 Қыркүйек , 10:20

 «2015 жылға қарсы облыста қазақстандық уранның 2/3 үлесі өнідіріледі. Сарапшылардың пікірінше, Қызылорда облысында жалпы металлургиялық кластер құруға болады, ол аймақтың экономикалық дамуына ықпал етіп, мемлекеттің дамуына да өз септігін тигізеді», - деді Көшербаев.

Оған қоса, қазіргі таңда аймақта шыны, құбыр өндіретін зауыттардың құрылысын жүргізу жобалары жүзеге асуда.

Аймақ басшысы атап өткендей, ағымдағы жылдың 7 айы бойынша құрылымдық өнеркәсіп жүйесінің өнімі 16 % өскен.  Сонымен қатар, аймақта бал, цинк, алтын, титан, темір, руда қорлары бар. Ал свинц, цинк өндіретін кен орындары ел бойынша ең ауқымдылардың қатарына енеді.

 




Яндекс.Метрика