Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Қарағанды облысында Индустриализация картасы бойынша 11 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Қарағанды облысында ағымдағы жылы Индустриализация картасы бойынша 11 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп облыстың ішкі саясат басқармасы мәлімдеді.
Қарағанды20 Қыркүйек , 09:15

«2013 жылы 40 млрд 241,2 млн теңгені құрайтын 11 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Ол 922 жаңа жұмыс орнын ұсынады», - деп басқарма хабарламасында жазылған.

Жалпы, Индустриализация картасына 474 млрд 552 млн теңгені құрайтын 75 жоба енді, ол 11 739 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

«Бүгінгі таңда 75 жобаның 46-ы жүзеге асырылды, оның жалпы құны 76,1 млрд теңгені құрап, 3,5 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді», - деп басқарма хабарламасында нақтыланған.

Хабарламада белгіленгендей, іске қосылғандардың ішінен күшке 29 жоба енді. 50 пайыздан жоғары 3 жоба енгізілген, 15 пайыз бойынша  - 4  жоба, 2 жоба бойынша өнім шығару жоспарланбаса, 4 жобада проблемалар табылды.

 




Яндекс.Метрика