Инфрақұрылымды дамыту

Қазақстанда 64,5 мың үлескер баспанамен қамтамасыз етілді - С. Нокин

Ағымдағы жылдың 1 тамызына қарсы Қазақстанда 438 нысанның 64,5 мың экономикалық белсенді үлескері баспанамен қамтылады, деп «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинағының жүйесіне -10 жыл. Дамудың жетістіктері мен қорытындылары» атты халықаралық конференцияда аймақтық дамудың вице-министрі Серік Нокин мәлімдеді.
Казахстан20 Қыркүйек , 12:18

 «Үлескерлерді қолдау мақсатында ҚР үкіметімен үлескерлік құрылысты қолдау үшін кешенді бюджеттік қаржыландырудан 470 млрд теңге бөлінді. Өткен уақыт қорытындысы бойынша, яғни 2007 жылдың 4 кварталы бойынша 455 проблемалы тұрғын үй кешенінің 68 мың үлескері, ал 1 тамызға 438 нысанның 64,5 мың үлескері баспанамен қамтамасыз етілді», - деді С. Нокин.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда республикада тек 17 үлескерлік көмекпен  салынған нысанның құрылысын аяқтау қалды. Осы орайда баспанамен 3735 үлескер қамтылады.

Ол атап өткендей, «үлескерлердің проблемасын бюджеттік қаржы арқылы шешу – бұл қоғамдағы  әлеуметтік тұрақтылық акциясы».

С. Нокин қорытындылай келе «бюджеттік қаржы арқылы үлескерлік құрылыс мәселесін қалпына келтіру мақсатында заңнамалық актілер күшейтілетіндігін» атап өтті.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика