Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ақтау гарнизонында болды

Қорғаныс министрлігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жұмыс сапарымен Ақтау гарнизонына барды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау20 Қыркүйек , 12:09

Сапар барысында  Қорғаныс министрі Әскери-теңіз күштерінің бөлімшесі мен құрылымдық бөлімшелерде болды. Қорғаныс ведомствосының басшысы Әскери-теңіз институтының курсанттарымен және Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілерімен кездесті.

«Қазіргі таңда біз Қарулы Күштерді жетілдіруді жалғастыра береміз. Ол үшін олардың сапа параметрін арттыру үшін күш жұмсау керек. Қорытындысында, 2015 жылы Қазақстан армиясының бет-бейнесі түбегейлі өзгеретін болады. Біз Мемлекет басшысы тапсырған кәсіби армия құру туралы стратегиялық тапсырмаларды жүзеге одан әрі асыра береміз», - деді Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.

Сонымен қатар,  Қорғаныс министрі жауынгерлік көліктер паркінің жағдайы мен мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың тұрмыс-жағдайы және жағалаудағы қорғаныс бөлімімен танысты. Оған қоса министр «Зенит» зауыты дайындап шығарған  «Орал» ракеталық-артиллерялық кемесінің жұмысымен танысты.

Теңіз жаяу әскері оқу-жаттығу алаңында Қорғаныс ведомствосының басшысына өз әскери шеберліктері мен тәжірбиелерін көрсетті.

Ақтауда жыл аяғына дейін екі жатақхана пайдалануға берілсе, алдағы жылдың аяғына дейін 120 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін тапсыру жоспарланып отыр.

Қорғаныс министрі Ақтау әскери аймағындағы әлеуметтік нысандардың күйін де тамашалады.




Яндекс.Метрика