«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

Қарағанды облысында 2017 жылы мектепке дейін тәрбие беруді 100 % ауқыммен жүзеге асыру жоспарланып отыр

Қарағанды облысында 2013 жылдың 8 айы бойынша мектепке дейін білім беру 86, 6 % құрап отыр, ал 2017 жылы ол 100 %-ға жетеді, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Қарағанды20 Қыркүйек , 11:01

«Бүгінгі таңда мектепке дейін білім беру жүйесі 17,9%-ға өсіп 86,6 % құрады. 1 жастан 6 жасқа, 3-тен 6 жасқа дейін балалар 97,8 % құраса, 2017 жылы аталмыш көрсеткішті 100 %-ға  жеткізу көзделіп отыр», - деп басқарма хабарламасында көрсетілген.

Бүгінгі таңда облыста 505 мектепке дейінгі тәрбие беру  мекемесі жұмыс істейді, оның 192-сі балабақша мен 313-і шағын-орталық.

Айта кетерлігі, «Балапан» бағдарламасы аясында 10 мың 730 жаңа орын ашылған. Оның 1 мың 91-і жекеменшік ұйымдар.

Басқарма мәліметі бойынша, мектепке дейінгі білім беру мекемелері 1895 орындық 9 балабақшаның және 1715 орындық 11 балабақшаның құрылысы аясында  көбейді.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында  аудан әкімдерімен бірігіп «Мектепке дейінгі білім беру жұмыс жоспары  2020» шарттары құрастырылған.

Жоспар бойынша 2 балабақша, моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 11 балабақша және 26 шағын орталық пен тағы 18 балабақшаның құрылысы жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика