Инфрақұрылымды дамыту

Қарағанды облысының негізгі қаржысының инвестициясы 43.7 %-ға өсті

Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 8 айы ішінде негізгі қаржыға құйылатын инвестиция 43,7 пайызға көтеріліп, 246,4 млрд теңгені құрады, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Қарағанды20 Қыркүйек , 10:22

«Қарағанды облысында 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында  негізгі қаржыға құйылатын инвестиция 43,7 пайызға өсіп, 246,  4 млрд теңгені құрады», - деп басқарма хабарламасында  көрсетілген.

2013 жылы Индустриализация картасы бойынша 40,2 млрд теңгені құрайтын 11 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. Ол 922 жаға жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Оған қоса, Индустриализация картасы бойынша 1457,2 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылды. Жобалар бойынша 197 жұмыс орны ұсынылып отыр.

Айта кетерлігі, Қарағанды облысының 2012 жылғы өнеркәсіптік өнімі 898,4 млрд теңгені ал, пайызға шаққанда  101,1 %   құрады.

 




Яндекс.Метрика