Шағын және орта бизнесті дамыту

Халық банкінің ШОБ-қа кредит беру көлемі 13%-ға өсті

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Халық Банкінің шағын және орта бизнес кәсіпорындарына кредит беру көлемі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артып, шамамен 96 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, шағын бизнеске берілген кредиттер көлемінің өсімі – 59%, ал орта бизнес үшін берілген кредиттер көлемінің өсімі – 9%», – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан06 Тамыз , 00:00

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуы мақұлданған қарызгерлердің аударылған субсидиялар мен қарыз портфелі көлемінің көрсеткіштері бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕДБ арасында көш бастап келеді. Аударылған субсидиялар көлемі жағынан Банктің үлесі 14,3%-ды немесе 5 млрд теңгені құрайды. Банк қарызгерлерінің қарыз портфелінің көлемі 129,8 млрд теңге болып отыр, бұл «БЖК – 2020» бағдарламасына қатысушы ЕДБ клиенттеріне тиесілі жалпы қарыз портфелі көлемінің 15,4%-ын құрайды», – делінген хабарламада.

«2013 жылдың шілде айының басында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға 556 өтінім келіп түсті. Бұл өтінімдердің 537-сі Банк комитетінде мақұлданды. Бұл ретте айта кету керек, өтінімдердің басым көпшілігі Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан түсіп отыр. Бүгінгі күнге дейін аталған бағдарлама бойынша 310 қарызгер субсидия алды», – делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика