Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының жүзім алқабында болды

Қазақстан Президенті «Caspian Foods» ЖШС жаңа кәсіпорнының қызметімен, сондай-ақ өңірде жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісін дамытудың келешегімен танысты.
Казахстан19 Қыркүйек , 20:50

Мемлекет басшысы бұдан бірнеше жыл бұрын Францияның жүзім шығаратын зауытын аралау кезінде Қазақстанда шарап шығару ісін дамытуда осы тәжірибені пайдалану жөнінде міндет жүктегенін атап өтті.

"Мен бос жатқан жерлерді игеріп, жүзімдіктер отырғызу туралы тапсырма бердім. Биыл олар алғашқы өнімін беруде. Бұл жерде жиын-терін комбайнмен жүзеге асырылады, сондықтан қол еңбегін пайдаланудың қажеті жоқ. Жобалық қуаты жылына 2 млн. литр деңгейінде зауыт салынды. Оның базасында бүгінде үздік еуропалық стандарттарға сай келетін шарап өндіруіміз мүмкін. Бұл кәсіпорын Қазақстанның барлық шарап өндірушілері үшін үлгі болмақ", – деді Қазақстан Президенті.   

Нұрсұлтан Назарбаев елдің оңтүстігінде жаңа сала – қазіргі заманғы жоғары сапалы шарап өндірісі құрылып жатқанын айтты.

"Бүгінде біз алға қойған басым міндеттердің бірі – әр өңірдің әлеуетін ашу. Астық егумен солтүстік өңірлер айналысады, олар соған маманданған, қандай жағдайда болмасын сапалы егін болады. Шығыста алтын мен күміс, орталықта мыс, батыста мұнай өндіріледі. Оңтүстік облыстар бүкіл елді көкөніспен қамтамасыз етіп, өнімдерін шетелге де экспорттайды. Бұған қоса, оңтүстік өңірде жүзім шаруашылығы дамып жатқандықтан, біз енді шарап өнімдерін шығарумен де барынша белсене айналыса аламыз", – деді Мемлекет басшысы.

Сарыағаш ауданында жалпы қуаты жылына 33 мың тонна шарап өнімдерін шығаратын, 3 мың тоннасы «Caspian Food» ЖШС үлесіне тиетін 4 шарап зауыты жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорынның жүзім алқаптары 222 гектарды алып жатыр, бүгінде соның 123 гектары жеміс береді.




Яндекс.Метрика