Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ҚР Премьер-Министрі ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті

Бүгін жұмыс сапарымен Францияда жүрген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов, Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті.
Астана қаласы19 Қыркүйек , 17:43

Кездесудің басты тақырыбы Қазақстан мен ХКБ-ның өзара іс-қимылы, сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық барысы болды.

Халықаралық көрмелер бюросымен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатына тоқталған, Үкімет басшысы Қазақстан үшін ЭКСПО-2017 өткізудің маңыздылығын атап көрсетті.

«Қазақстан тарапынан көрмені сапалы өткізуге дайындық бойынша қажетті шаралардың бәрі жасалуда»,-деді С.Ахметов.

Премьер-Министр В.Лоссерталеске үстіміздегі жылдың желтоқсанында ХКБ-ға ұсынылатын, көрменің сәулеттік эскизіне конкурс өткізу бойынша Тіркеу досьесінің аяқталу кезеңі туралы хабарлады.

«Халықаралық конкурсқа әлемнің әр түрлі елдерінен 50 ден астам маман қатысты. Конкурстың қортындысы бойынша ЭКСПО көрмесі кешенінің негізі болмақшы эскиз-идея анықталады»,-деп хабарлады С.Ахметов.

В.Лоссерталес Астанада ЭКСПОНЫ өткізуге дайындықтың жоғарғы деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, осы орайда Мемлекет басшысының рөлінің айрықша екенін атап көрсетті.

«Мен Астанада Қазақстан Президентімен кездестім. Сонда Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге дайындық барысының оның тікелей бақылауында болатынын айтқан еді»,-деді Бас хатшы.

ХКБ Бас хатшысы «жиырма жылдан артық мен осы бағытта еңбек етіп келемін, көрмелер өткізем, менің тарихымда мұндай тез, жедел және тиімді түрде іске кірісіп кеткен ел болған жоқ»-деп сөзін жалғастырды.

Кездесу соңында, В.Лоссерталес Қазақстан жағына мамандандырылған көрмені өткізу барысында табыс тіледі. 




Яндекс.Метрика