Ұлттық интеллигенциясының рөлі

ШҚО-да Оралхан Бөкейге арналған ескерткіш ашылды

Шығыс Қазақстан облысында жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына орайластырып ескерткіштің ашылу рәсімін өткізді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан19 Қыркүйек , 19:37

«Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерей тойына орай Катон-Қарағай ауылында ақынның мүсіні соғылды. Мерекелік шара ақынның туған өлкесі Катон-Қарағай ауданының Шыңғыстай ауылынан басталды»,- деп хабарламада жазылған.

Хабарламада көрсетілгендей, бұл жерде жазушының киім-кешегі, суреттері, кітаптары сақталған мұражай бар. Мұражайдың сәулетшісі оның досы Аманжан Нұқсарин. Мұражай қорына құнды кітаптар мен автордың аудио жазбалары, «Тау тұлға» атты естелігі тапсырылған.

Айта кетейік, құнды жәдігерлерімен қамтамасыз етілген мұражайдан бөлек, жазушы жайында фильм түсіріледі.

Сонымен қатар, дәл осы күні спорттық шаралар ұйымдастырылып, «Қоңыр» тобы халыққа мерекелік көңіл күйді тарту етті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика