Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Ақтөбеде Қазақстан драма театрларының XXI Республикалық фестивалі өтеді

2013 жылдың 23-29 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтановтың 90-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXI Республикалық фестивалі өтеді.
Ақтөбе19 Қыркүйек , 19:17

Фестивальға Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры, Астана қаласының Жастар театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрлары қатысады.

Сонымен қатар, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры, Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры және С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымдары  да қалыс қалмады.

Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары - Т.Ахтанов, М.Әуезов, Б.Соқпақбаев, О.Бөкей, Ш.Мұртаза, Иран Ғайып, Қ.Ысқақова, С.Асылбекұлы, Д.Жұмабаева және О.Марк сияқты қазақ авторларының шығармалары бойынша қойылған спектальдермен танысуға мүмкіндік алады.

 




Яндекс.Метрика