Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Ақтөбе облысында Индустриализация картасы бойынша 9 мың жұмыс орны ашылды

Ақтөбе19 Қыркүйек , 18:33

«Индустриализация картасының  74 инвестициялық жобасы бойынша Ақтөбе облысында 9 мың жұмыс орны ашылды»,- деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Қазақстанның Индустриализация картасына бойынша Ақтөбе облысында 517,2 млрд теңгені құрайтын 9 мың жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 74 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда», -деп басқарма хабарламасында жазылған.

Жалпы, Индустриализация картасы 3 жыл ішінде 188,3 млрд теңгені құрайтын 64 нысанды эксплуатацияға жіберген, ол 5 мың жұмыс орнын ашты.

Маңызды нысандар болып, жер асты шахтасы «Восход» кен орнынан 870 мың тонна   кенді өндіру және қысымдылығы 420 млн кубты құрайтын газ бен кен өндіру жүйелері есептеледі.

Бүгінгі таңда, 56 жоба толық күшіне енді, 8 жоба  әзірше объективті себептерге  байланысты өз күшіне енбей отыр. Өз күшіне мүлдем енбей қалған жобалар жоқ.

2013 жылы 115 млрд теңгені құрайтын 1 мың жұмыс орнын қамтитын, 10 жаңа нысанның  жүзеге асырылуы көзделіп отыр. Ағымдағы жылы аталған жобалардың 3-уі өз күшіне енді. Олар 1,1 млрд теңгені құрап, 150 жұмыс орнын ұсынды.

2014-2015 жылы 216,5 млрд теңгеге тиесілі, 3,8 мың жұмыс орнын ашатын 4 жаңа жоба жүзеге асырылмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика