Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» Жолдауын іске асыру аясында тақырыптық зерттеулер ұйымдастыру жөнінде отырыс болып өтті

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» Жолдауын іске асыру аясында тақырыптық зерттеулер ұйымдастыру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысын өткізді.
Казахстан19 Қыркүйек , 17:40

Бұдан бұрын 2013 жылғы сәуір айында өткен отырыстан кейінгі кезеңде бірқатар іс-шаралар іске асырылды.

Ғылыми және консалтингтік зерттеулерге арналған мемлекеттік тапсырыс негізге алынған Президент Әкімшілігінің Тақырыптық жоспары қабылданды.

Үкімет зерттеу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, оның ішінде мемлекеттік емес талдамалық құрылымдарды тарту  шараларын қабылдады. 

Сонымен қатар,  сарапшыларды қолдау жұмыстары кеңейтілді. БАҚ-пен жұмыс жасау үшін сарапшылар тобы құрылды. Өңірлерде зерттеу және диссертациялық жоспарларды түзету үшін өңірлік семинарлар жоспарланды.

Кеңесте «Қазақстан – 2050» Стратегиясының 100 жаңа термині» атты жаңа саяси терминология сөздігінің жобасы талқыланды. Сөздікте «Қазақстан – 2050» Стратегиясында келтірілген терминдер мен ұғымдарға толық түсініктеме беріледі. Бұл соңғы 15 жылдағы алғашқы ірі терминологиялық басылым болмақ.

Кеңес аясында құрамына елорданың жетекші ғалымдары кіретін Астана клубын құру мәселесі де талқыланды.

 




Яндекс.Метрика