Ақша-несие саясаты

2014 жылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорының капиталы 55 млрд теңгеге өседі

2014 жылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат қорының капиталы 54 млрд 918 ,117 млн теңгеге өседі деп жоспарлануда, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат қорының баспасөз қызметі.
Казахстан19 Қыркүйек , 17:50

 « «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат қорының капиталы 2014 жылы 54 млрд 918,117 млн теңгеге көтеріледі деп жоспарлануда», - деп Ұлттық қордың хабарламасында жазылған

Қор ақпаратында аталғандай, бұл 2014-2016 жылға арналған республикалық бюджет арқылы жасалған жобаның қарамағына енеді, ол ҚР құқықты-нормативті актілерінің ақпараттық –құқықтық жүйесінде жарияланады.

Заңжобасына сәйкес, ақы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне беріледі, ол мемлекеттің бәсекелестік жағдайын арттырып ұлттық экономиканың дамуына әрекет етеді.

Ал 2015 жылы  қор капиталын 110,518 млрд теңгеге жеткізу көзделсе, 2016 жылы 90,337 млрд теңгеге жету көзделіп отыр.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорын несиелеу үшін келер жылы бюджеттен 18,9 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр.


  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика