Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

Қазақстан мен Қырғызстан полицейлері терроризмге қарсы күрес саласы бойынша ынтымақтасу сұрақтарын қарастырды

Тараз қаласында Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ делегациялары терроризм, эктремизм, мал ұрлау сұрақтарын талқылау үшін кездесу өткізді, деп Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде19 Қыркүйек , 16:59

Мемлекетаралық жиынға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары  Марат Демеуов, Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бақтыбек Жүсібалиев пен Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының Ұлттық қауіпсіздік Комитет және Қырғыз елінің  Шу және Талас облысының ішкі істер басқармасы өкілдері қатысты.

Кездесуді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов ашты. Оның айтуынша, аталған істердің мемлекетаралық режимде өтуінің маңызы зор. Қырғыз елінің делегациясының атынан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бақытбек Жүсібалиев сөйледі.

ІІМ жетекшілері көрші елдер арасында орын алған криминалды жағдайлар туралы ақпарат алмасып, жүйелік және жоспарлық жұмыстың барысын талқылады.

Отырыста елдердің шекаралық аймақтарындағы ішкі істер бөлімінің жұмыс істеуі мен олардың тәжірибе алмасуы алға тартылды. Осыған орай тараптар мал ұрлау, терроризм, экстремизммен күресті ынтымақтасып күшейту ұсыныстары талқыланды.

Айта кетейік, 2012 жылы заң бұзушыларға талапты күшейту мақсатында «2013-2014 жылға арналған өзге мүлікті тонауға қарсы күрес жүйесі» бағдарламасы құрастырылған болатын.

Бағдарламаның орындалу барысында ағымдағы жылы Жамбыл облысында «Жамбыл облысы бойынша 2013-2014 жылға арналған өзге мүлікті тонауға қарсы күрес кешенді бағдарламасы» жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда бағдарлама жүзеге асырылуы үшін облыс әкімдігінде талқылауға алынды.

Оған қоса Ішкі істер органдары қатысқан отырысқа Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік, шекаралық ветеринарлық - санитарлы қызметінің өкілдері қатысты.

 

 




Яндекс.Метрика