Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Қазақстан, Түркия және Шри-Ланка арасында жаңа әуе қатынасы ашылады

Түркия мен Шри-Ланканың авиациялық әкімшілігі ҚР авиациялық билігімен келісе отырып жаңа әуе ақпаратының Үкіметаралық келісім шартының мәтінін талқылады, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әлемде19 Қыркүйек , 16:28

«Қазақстан, Түркия мен Шри-Ланка елдері арасында болған келісу барысында жаңа әуе ақпаратының Үкіметаралық келісім шартының мәтіні қабылданып, талқыланды, ол заманауи ынтымақтастықтың дамуына өз ықпалын тигізеді»,- деп жазылған хабарламада.

Министрлікте атап өткендей, елдер арасында әуе қатынасының жиілеу көрсеткішінің 50 % өсуіне байланысты бүгінгі таңда 2 елдің әуекомпаниялары аптасына 42 әуерейсті  жүзеге асырған.

Оған қоса, қазақстандық әуетасымалдаушылардың географиялық ауқымы тағы екі қалаға Ізмір және Бодрумге кеңейді.

Сонымен қатар, түркиялық әуетасымалдаушылары үшін Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан бөлек, Қарағанды мен Қызылорда шаһарына қарым-қатынас орнатылды.

Айта кетейік, әрбір халықаралық бағыттың ашылуы авиациялық билік пен отандық әуеөнеркәсібтерінің тынымсыз жұмыс істеуіне әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика