Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Қазақстанда Халықаралық германиялық концерн темір жол рельстерін өндіретін өнеркәсіп ашты

Қазақстанда қазақстандық-германдық тараптардың бірлесуімен заманауи темір жол рельстерін өндіретін өнеркәсіп ашылды, деп «KAZNEX INVEST» Инвестиция және экспорт бойынша Ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан19 Қыркүйек , 16:08

«Алматы облысына қарасты  Қапшағайда  қазақстандық-германдық тараптар бірігіп заманауи темір жол рельстерін өндіретін «Фоссло Фастениг Системс Қазақстан» ЖШС өнеркәсібін ашты»,- деп агенттік хабарламасында мәлімденген.

Vossloh AG зауыты отандық «Допласт-инвест» компаниясы мен  Kaznex Invest Ұлттық агенттік қолдауы арқылы  құрылған. Айта кетерлігі, бұл ТМД елдері мен Балтықта  тұңғыш пайда болған бірлескен концерн.

Жобаның жалпы ауқымы жыл сайын 1 млн кешендік темір жол рельсін шығару. Ол «Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясы» мен «Алматы Метрополитенін», «LRTАстана» ЖШС жыл сайын қамтамасыз етіп отырады.  

Сонымен қатар, жоба жүзеге асса 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Алайда, штаттың түгелі дерлік шетелден жұмыс күшін тартпай, қазақстандық жұмысшы күшін қолданады. Өнім заманауи қондырғылар арқылы өндірілетіндіктен қызметкерлер Vossloh AG концерні зауытына барып тәжірибе жинайтын болады.

 

 




Яндекс.Метрика