Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

ІІМ Біріктірілген деректер банкінің ақпараттық қоры 300 млн. бірліктен астам ақпаратты құрайды

Қазақстанда бүгінгі күні ІІМ Біріктірілген деректер банкінің ақпараттық қоры 28 есептердің түрлері бойынша 300 млн. бірліктен астам ақпараттарды құрайды.
Казахстан19 Қыркүйек , 14:03

 «ІІМ-нің Ақпараттық-аналитикалық орталығы және оның аумақтық бөліністері ІІО-ның жедел-қызмет жұмысында пайдаланылатын жедел-анықтамалық, іздестіру, статистикалық, мұрағаттық және басқа да ақпараттармен барлық қызметтерді қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жетілдіруді жалғастыруда. Бүгінгі күні ІІМ Біріктірілген деректер банкінің ақпараттық қоры 28 есептердің түрлері бойынша 300 млн. бірліктен астам ақпараттарды құрайды», - деп көрсетілген  хабарламада.

ІІМ Біріктірілген деректер банкі бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық қорларын және функционалды мүмкіндіктерін пайдалану нәтижесінде іздестіруде тұрған адамдарды , қаруды, автокөлікті анықтау және ұстау бойынша барлық бастапқы шараларын жүргізеді.

Сонымен қатар, жақын кезеңде ақпараттық-аналитикалық бөліністерді дамыту преспективалары талқыланды. ІІМ-де жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді жетілдіру және  қазіргі заманғы технологияларға көшу шеңберінде семинар қатысушыларының назарына бірқатар инвестициялық жобалар ұсынылды.

 

 




Яндекс.Метрика