Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Астанада 70-тен аса шетелдік ЖОО білім беру бағдарламасымен таныстырды

Бүгін Астанада жыл сайынғы «Қазақстан – Халықаралық білім беру – 2013» көрмесі басталды, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметі.
Казахстан19 Қыркүйек , 13:50

 «Көрмеге 70 шетелдік және 10 отандық білім ошақтары шақырылды. Көрме аясында қатысушылар тек шет елде білім алу туралы ақпарат қана емес, сонымен қатар, шет елде оқу шәкіртақысын ұтып алуға бақ сынай алады», - деп орталық хабарламасында нақтыланған.

Шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Канада, Австралия, АҚШ, Франция елдерінің  жетекші оқу ошақтары, колледждері мен университеттері қатысты.

Оған қоса, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  өкілдері «Болашақ» бағдарламасының  шет елде шәкіртақы алу және магистратурада оқу мен тәжірибе алмасуының жаңа бағыттары мен жоспарларын таныстырды.  

Айта кетерлігі, бүгінгі «Қазақстан – Халықаралық білім алу» көрмесі студенттердің назарын шетелдік білім алуға аударады.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика