Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру үшін 1,3 млрд теңге бөлінді

Павлодар облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығының жобаларын дамыту үшін 1 млрд 300 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды облыстың ауыл шаруашылық басқармасы.
Павлодар19 Қыркүйек , 10:27

«Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Павлодар облысының агроөнеркісіп кешенінің инфрақұрылымын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Оған қоса, суармалы егін шаруашылығын дамыту үшін – 1 млрд 100 млн теңге қарастырылған», - деп хабарламада көрсетілген.

Басқарманың мәліметінше, бөлінген қаражат 930 мал басын құрайтын сүт фермасының құрылысына бағытталған және  суармалы егін шаруашылығы бойынша  770 га жер қалпына келтірілуде, «ҚХ «Тоғас» ЖШС және Железин ауданында суармалы егіншілікке 8300 га аудан бөлінентін агроқала құрылысын жүргізу жоспарлануда.


  




Яндекс.Метрика