Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

СҚО-на жұмыс сапарымен Норвегия Корольдігінің елшісі келді

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Норвегия Корольдігінің елшісі Оле Йохан Берной келді.
Солтүстік Қазақстан19 Қыркүйек , 10:19

Норвегия Корольдігінің елшісі Берной мырза облыс әкімі Самат Ескендіровпен кездесті. Кездесудің ашылу рәсімінде аймақ басшысы жиынның тақырыбы Қазақстандық бидайдың Норвегияға шығарылуы жайында және білім саласында ынтымақтастық орнату турасына арналғандығын атап өтті.

2 жыл бұрын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша меморандумға қол қойылған болатын. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында екіжақ бейнеконференция өткізді.  Тараптар өз білім мекемелерінде инновациялық технологиялардың орнатылуын көрсетті. Сонымен қатар, жиі түрде семинар-тренингтар, тәжірибе алмасу бойынша жиындар, мастер-класстар ұйымдастырылып тұрады. Колледждердің бірқатарында норвегиялық жоба бойынша  техникалық және кәсіптік кадрларды дайындау тәжірибесі енгізіледі.

Әлеуметтік серіктестер ретінде: Петропавлдық ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Негізделу» ЖШС облыстық сәулетшілер Қауымдастығы, «Нанинвесткондитер» ЖШС қатысты.

Ынтымақтастық саудасы әзірше норвегиялық өнімнің импортталуымен шектеліп отыр. Әсіресе, терапевтік және сауықтандыру мақсатында балық, балмұздақ, ет өнімдері мен рапса дақылы әкелінген болатын.

Норвегия Корольдігінің елшісі сапар барысында Мамлюктік мукомолды комбинатта « Біздің кәсіпкерлерді қызықтыратын шикізат негізі қаланған, бұл өнімнің сапалылығы мен қондырғылар жүйесі. Екіжақты бірдей келісім үшін бірқатар тақырыптар бар», - деді Оле Иохан Берной.

«Біздің аймақта 3 мың өзен бар екенін ескеретін болсақ, ол аквамәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Біз сәйкесінше ақылдасып ынтымақтастық құруға келістік», - деді облыс әкімінің орынбасары  Фархад Қуанғанов.

Тараптар кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін айтты. Аймақ басшысы Самат Ескендіров «Біздің бүгінгі кездесуіміз болашақта ынтымақтастық күшін одан әрі нығайтып, жандандыра түсетініне сенімдімін», - деп ниет білдірді.

Дәл осы күні елші Петропавлдың экономикалық-құрылыс колледжі мен Абылайхан резиденциясына, тарихи мұражайына барды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика