Сапар барысында Парижде Қазақстан Үкіметі басшысының Франция Премьер-Министрі Жан-Марк Эйромен кездесуі жоспарланған.
Сондай-ақ, С.Ахметов ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен, ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхель Гурриамен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Кездесулерде сауда-экономикалық ынтымақтастық, француз жағының Қазақстан экономикасын жаңғыртуға қатысуы бойынша мәселелері кең көлемде талқыланады.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметі басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен кездеседі.