Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Қазақстан Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге кірісті

Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу шеңберінде Астанада «Экспортқа қолдау көрсету саласындағы әлемнің үздік тәжірибелерін қолдану» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өтті. Семинарды «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі ұйымдастырды.
Казахстан18 Қыркүйек , 18:19

Оқыту семинары Халықаралық сауда орталығының (ХСО) шетелдікеңесшілерінің қатысуымен мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың өкілдеріне арнап өткізілді. Сондай-ақ, семинар жұмысына Ұлттық экспорттық стратегияны (ҰЭС) әзірлеу бойынша сараптау жұмыс тобының өкілдері қатысты.

Оқытудың негізгі мақсаты – Қазақстанның Ұлттық экспорттық стратегиясын құру, дамыту және ары қарай ілгерілету бойынша мемлекеттік жобаның барлық қатысушылары үшін іргелі тұғырнаманы жасау.

Экспорттық стратегияларды қабылдаудың өзектілігі мен тиімділігін әлемдік тәжірибе растап отыр: бертін уақытта экономикалық даму деңгейі әртүрлі әлемнің  100-ге жуық елі стратегиялық экспорттық басқару жүйесін белсенді түрде ендіруде.

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика