Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2014 жылы Қашаған кен орнында 8 млн тоннаға жуық мұнай өндіру жоспарланған - МГМ болжамы

2014 жылы Қашаған кен орнынан 8 млн тоннаға жуық мұнай өндіру жоспарлануда, деп хабарлады Орталық коммункациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.
Казахстан19 Қыркүйек , 17:32

«2014 жылы, біз болжап отырғанымыздай, Қашағанда 8 млн тоннаға тарта мұнай өндіріледі», - деді министр.

Оған қоса, МГМ басшысы хабарлағандай,  мұнай өңдеудің коммерциялық көлемдеріне, яғни тәулігіне 75 мың баррельге Қашаған үстіміздегі жылдың қазан айының басында шығады. 

«Бүгінде күніне 75 мың баррель өндіру деңгейіне жету үшін барлық технологиялық желілерді және барлық кен орнын толық ретке келтіру жүргізіліп жатыр. Бізде Қашағанда күніне 40 мыңға жуық баррель өндіріледі, және де олар  өндірудің коммерциялық деңгейіне қазан айының басында шығады деп үміттеміз, сонда бәрі ойдағыдай болды деп айта аламыз», - деп толықтырды Ұ.Қарабалин.

Қашағаннан шығарылатын мұнай қоры кем дегенде 7-9 миллиард баррельге бағалануда, ал бұл мұнай құрылымындағы шикізаттың жалпы геологиялық қорлары - 38 миллиард баррель. Қашаған кен орны қоры бойынша әлемдегі бесінші кен орны болып табылады. 




Яндекс.Метрика