Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Мембағдарлама бойынша С гепатитіне шалдыққандарға медкөмек көрсетілуінің арқасында 80 % адам сауықты

Қазақстанда медицина мекемелеріне көмек сұрап келгендердің 80 % дертінен айықты. Бұл жайында бүгін Орта Азиялық гастроэнтерологиялық апта-2013 жиынында бауырды зерттеу қауымдастығының төрағасы Александр Нерсесов хабарлады.
Казахстан18 Қыркүйек , 15:39

«Министрдің тапсырмасы бойынша біз мемлекеттік бағдарлама аясында  С гепатитіне шалдыққан адамдарға тегін медкөмек көрсеттік. 2000 оқиғалық көрсеткіш сарапталынды. Қазіргі таңда 860 адамның емделуі аяқталды. 950 адам емделу үрдісін жалғастыруда», -деді А. Нерсесов.

Оның айтуынша, пациенттердің 75 %  денсаулығына қарасты нақты жауап алды.

Айта кетейік, бүгінгі болған отырыс гепатология мен гастроэнтерологиядағы жетістіктерін талқалауға арналды.

 

 




Яндекс.Метрика